Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылының негізі 1929 жылы қаланған. Елді мекен 2005 жылдан бастап ауылдық округ статусына ие болған. 2022 жылы ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті 89,2 миллион теңгені құрап толығымен игерілсе, салықтық түсімдер 8 миллион 63 мың теңгені құрап 106 пайызға орындалған. Ауылдық округте өткен 2022 жылы бірқатар жұмыстар да атқырылды

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында қалалық бюджеттен 1 миллион 500 мың теңгеге Байсейітов көшесінің соңына 400 метрге 9 дана түнгі жарық шамы бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек 150 орындық ауылдық клуб үйінің құрылысын жүргізу үшін «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 274,4 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Өмірзақ» ЖШС-і жеңімпаз атанып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Округ аумағында орналасқан жалпы көлемі 6800 шаршы метр болатын «Әбдіхалық» бейітін қоршау жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталған «ОрдаМегаСтрой» серіктестігі 10,1 миллион теңгеге қоршау жұмыстарын жүргізді.

Ауылдағы жаңадан қоныстанушы аумақтағы жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 12 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізу үшін қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Сонымен қатар кіре-беріс жолдың бойындағы R-1 каналына жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жобалық сметалық құжаттар мен мемлекеттік сараптама қортындысы дайындалуда. Одан бөлек, ауылда 8 дана КТПН, электр бағаналарын орнату үшін  мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Элком» ЖШС 2023 жылға ауыспалы негізде құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда Қарауылтөбеде «Балалар жылы» аясында «Строй модуль - Астана» серіктестігінің демеушілігімен жалпы құны 17,5 миллион тенгені құрайтын ойын алаңы салынып, қолданысқа берілген. Сонымен қатар тұрғындар сұранысына сай округке кіреберіс аумағына демеушілік есебінен автобус аялдамасы орнатылды. Ал жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «Алимова Жанар» жеке кәсіпкерлігімен 380 мың теңгеге 21 дана жол белгілері орнатылды. Жаңа қоныстанушы аумаққа республикалық бюджеттен техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылауға 14 799,8 мың теңге және А.Иманов көшесінің бойындағы №6-ТС техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылауға 14 799,8 мың теңге бөлініп, орналастыру жұмыстары жүргізілуде. 

Өткен жылдың қыркүйек айында ауыз су жинау қоймасы қолданысқа берілген еді. Қазіргі таңда тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалымен  қызмет көрсетілуде.

Қарауылтөбе ауылдық округіндегі түнгі жарықтандыру бағаналарын күтіп ұстау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде 5 миллион 800 мың теңгеге мердігер мекеме «ИнноТех» серіктестігі атқаратын болады. Ал елді мекеннің санитариялық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жеке кәсіпкер «Бекишов» жеңімпаз ретінде танылып, 1 миллион 200 мың теңгеге тиісті жұмыстарды жүргізді. Округтегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы аясында мердігер мекеме ЖК «Болат» А. Иманов көшесіндегі 1,4 шақырым болатын асфальт қабаттарына 417 мың теңгеге жөндеу  жұмыстарын жүргізді. Ал ауылды көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына 300 мың теңге, жергілікті деңгейдегі мәдени-демалыс және спорттық іс-шара жұмыстарына 80 мың теңге жұмсалған.

Ауылдық округтегі кәсіпкерлік дамыту бағытындағы жұмыстар да қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі кезде округте 112 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның екеуі заңды тұлға болса, 99-ы дара кәсіпкерлер және 11-і шаруа қожалықтары. Өткен жылы 12 айдың есебі бойынша ауылда 17 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп,  17 тұрақты жұмыс орны ашылған.

«Іскер» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 16,5 миллион теңгеге 3 жоба, «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында «Өңірлік инвестициялық орталық» микроқаржы ұйымы арқылы 26,5 миллион теңгеге 5 жоба, «Еңбек» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 17,2 миллион теңгені құрайтын қайтарымсыз мемлекеттік грантқа 14 ауыл тұрғыны ие болды.

Қарауылтөбе ауылдық округінің 6806 гектарды құрайтын жалпы жер көлемінің 4957 гектар аумағында «Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» серіктестігі қазіргі таңда егін шаруашылығымен айналысып келеді. 2022 жылы Институт тарапынан барлығы 1078 гектар жерге 646 гектар күріш, 40 гектар бидай, 5 гектар арпа, 126 гектар сорго, 40 гектар мақсары, 215 гектар жаңа жоңышқа және 3 гектар бақша, 3 гектар қызанақ дақылдары егілген еді. Одан бөлек 365 гектар жерге ескі жоңышқа егілді.

Институт және ауылдық округ әкімі аппараты арасында 5000 гектарға жуық жайылымдық және шабындық алқаптарды және егін науқанында орылған бүркемелі егіс пен күріш алқаптарын кезең-кезеңімен ауыл тұрғындарының малдарына жайылымдық үшін босатып беруге өзара меморандум қабылданды. Өткенжылы ҒЗИ-ңа қарасты 2094,4 гектарды құрайтын ауылшаруашылық жерлері мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Ауылдық округте тұрмыс деңгейі аз қамтылған 50 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, өткен 2022 жылы жалпы сомасы 21 миллион 921 мың теңге қаржылай қолдау көрсетілген. Сондай-ақ қайырымдылық акциялары аясында «Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» серістестігі, жеке кәсіпкерлер, ауыл жастарының қатысуымен тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлікпен қолдау көрсетілді.

Округтегі А. Хангелдин атындағы №179 орта мектепте 505 оқушы, ал мектеп алды даярлық сыныбында 40 бала және мектеп жанындағы «Нұр-бөбек» шағын орталығындағы 2 топта 40 бүлдіршін тәрбиеленуде. 2021-2022 оқу жылында 11 оқушы мектепті бітіріп, 6 оқушы жоғары оқу орнына, 2 оқушы  колледжге мемлекеттік грант негізінде, 3 бітіруші түлек жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға қабылданған. Одан бөлек, ауылдық клубта құрамында 64 өнерпазы бар 5 үйірме жұмыс істейжі. Өнерпаздар өз өнерлерін көптеген сайыста, іс-шара, салтанатты кештер мен мерекелерде көрсете отырып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Тағы да оқыңыз: