Фото: Жамбыл облыстық полиция департаменті 

Kyzylorda-news.kz. Алматы қаласында қару-жарақтың ірі арсеналы табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Жасырын жерден "Калашников" автоматтары, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон шықты.

"Алдын ала деректер бойынша, табылған қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған", - дейді комитет мамандары.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Тағы да оқыңыз: