Kyzylorda-news.kz. Қандас мәртебесін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қалай алуға болады? Бұл сұраққа орталық мамандары #oqy&toqy айдары арқылы жауап береді.

– Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
– Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
– Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз

**Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:
**– Еркін түрде жазылған өмірбаян
– Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі суреті
– Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі

**Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:
**– Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат
– Өтініш беріледі

Мәртебе мерзімі:
– Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.
– Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:
– Мәртебені алу – 15 жұмыс күні
– Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні

Еске сала кетейік, сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.

Тағы да оқыңыз: