Kyzylorda-news.kz Арал ауданы әкімінің орынбасары Н.Бохаевтың төрағалығымен өткен жиында  Қамбаш көлі жағалауының суға шомылу маусымына дайындық барысы пысықталды. Жиынға Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, Арал ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм,  аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп  бөлімінің басшылары мен өзге жауапты сала мамандары қатысты. 

Алдымен Аққұмшық жағажайын жалға алған жеке кәсіпкер А. Балмырзаевқа демалыс аймағында қызмет көрсететін барлық кәсіпкерлердің құжаттары толық рәсімделуі қажеттігін жеткізді. Құжаттандыру жұмыстарын жүргізу жеке кәсіпкерге жыл басында ескертілген болатын. 

Сонымен бірге, бірінші кезекте қауіпсіздік шараларының сақталуы маңызды екендігі айтылып, балалар мен ересектердің жүзу аймағын белгілеу, суға жүзуге арналған қайықтар мен өзге де су көліктерінің арнайы белгіленген орындарда қызмет көрсетуі тапсырылды. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына кәсіпкерлік нысандардың асхана қызметкерлерінде  мерзімді медициналық бақылаудан өткені туралы анықтамаларының болуы азық-түлік сақтайтын орындардың болуын қадағалау мәселесі жеткізілді.

Жиын барысында жауапты сала басшылары мен Қамыстыбас ауылдық округінің әкіміне демалыс аймағының санитарлық тазалығын сақтау, кәсіпкерлердің белгіленген талаптарға сай қызмет көрсетуін қадағалау, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық бекеттің болуын, жағажайдағы сатылатын заттардың бағасының тұрақтылығын бақылау жүктелді. 

Демалыс аймағында қоғамдық тәртіпті сақтау, қызмет көрсету барысында белгіленген талаптарды орындау, демалушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелерін түсіндіру бойынша жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Тағы да оқыңыз: