Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Медиа орталық» жетекшісі м.а. қызметіне Бекенов Қамбар Ғалымұлы тағайындалды.
Қамбар Ғалымұлы 1985 жылы 12 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2002-2007 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде «Лингвистика» мамандығы бойынша білім алған.
2007-2012 жж. – «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық телеарнасының «жаңалықтар» бөлімінде редактор, диктор, редактор-стилист қызметін атқарған.
2012-2025 жж. - «Хабар» Агенттігі» АҚ 24 kz және Хабар телеарнасының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі болған.
2025 жылдың басынан осы кезге дейін республикалық 7-арнаның Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарып келген.