Kyzylorda-news.kz Партияның сайлауалды бағдарламасына енген жобалардың бірі Сырдария ауданына қарасты Қалжан ахун елді мекеніндегі электр желілерін жаңарту жобасы. Өткен жылғы жоспарға сәйкес 2024 жылы Қалжан ахун ауылының электр желісі мен қондыр¬ғыларын жаңарту іске асырылып, ел игілігіне қызмет ететін болады деп жоспарланған болатын. 

Аталған жоба аймақтағы электр желілері мен жабдықтарының тозу деңгейін төмендету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында аталған жоба биыл бюджет көздерінен қаржыландырылып, жүзеге асырылуда. Осы орайда, аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаты М.Бакуов бастаған топ жобаның жүзеге асу барысына партиялық бақылау жұмыстарын жүргізген болатын. Қазіргі таңда электр бағаналарын орнату жұмыстары жүруде. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мердігер мекеме өкіліне жұмысты сапалы және уақытылы аяқтау қажеттігін атап өтті.

       Жалпы электр желілерін жаңғырту сала мамандарының ұдайы бақылауында. Атап өтсек, Сырдария ауданының Шаған ауылдық округінде де аталмыш жұмыстар жүргізіліп, аяқталуға жақын.

Тағы да оқыңыз: