Kyzylorda-news.kz  «Amanat» партиясы Сырдария аудандық  филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Еркебұлан Жақып пен Марат Бакуовтың және сала мамандарының қатысуымен Қалжан ахун ауылындағы Қайқы батыр көшесінің күрделі жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жасалды. Комиссия мүшелеріне мердігер мекеме – «Орда Автодор» ЖШС-нің өкілі атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 153 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар 2024 жылдың сәуір айында басталды. Қазіргі уақытта көшеге тас жабындысы (ГПС) төселіп, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, көше бойына жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Бүгінде көше бойында 3 каток, 7 «КАМАЗ» автокөлігі, 1 асфальт төсеу техникасы (асфальтоукладчик) жұмыс жасауда. Негізі, көше жолының ұзындығы 1,8 шақырымды құрайды.

– Аудан көлемінде жол құрылысы жұмыстары қарқынды жүзеге асуда. Қалжан ахун ауылында  Қайқы батыр көшесінің жөнделуі жергілікті тұрғындарғав қуаныш сыйлады. Жүйелі жұмыстың арқасында  ауыл тұрғындары  сапалы жолпен жүретін болды. Біз жол құрылысын ұдайы бақылауда ұстайтын боламыз. Ел игілігі үшін жасалған жобалардың сапалы жасалуы – маңызды рөл ойнайды.

Комиссия мүшелері мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы және мерзімінде атқаруды атап өтті.

Тағы да оқыңыз: