Kyzylorda-news.kz.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуетін арттырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық берген болатын.  

Мемлекет басшысы өз сөзінде кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау керектігін тілге тиек етті.  «Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек. Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024  жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет.  Келесі мәселе. Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап.  Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет деген ел Президенті ҚР Үкіметіне тиісті тапсырмалар берген болатын. Өз кезегінде Сырдария ауданы бойынша кәсіпкерлік саласының дамуына ерекше қолдаулар жасалып келеді. Мәселен, аядай ғана Қалжан ахун ауылында жергілікті тұрғындар  бірнеше кәсіппен айналысуда. 

– Ауылдық округ бойынша 2023 жылы 1 қаңтарына 510 экономикалық белсенді халық тіркелген. Жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған 64 адамның 20-ы тұрақты жұмысқа, 22-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, 3-і жастар тәжірибесіне, 1-і алғашқы жұмыс орнына, 1-і ұрпақтар келісімі, 3-і «Күміс жас»  жобасына жолданды. 2023 жылдың 5 айында ауылдық округ бойынша 7 отбасының 40 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырып, қаржылай және азық-түлік пакеттері көмегін алды. Бұның барлығы Мемлекет басшысының Жолдауына туындайтын мәселелер болып табылады. Негізінен, Қалжан ахун ауылдық округінде тіркелген кәсіпкерлер субъектілерінің саны – 67, Оның ішінде, жеке кәсіпкерлер – 50, шаруа қожалықтары –  17 болып табылады.  «Аграрлық несие корпорация» арқылы  2,7 млн.теңгені құрайтын «Мал басын көбейту (жылқы)» жобасы қаржыландырылды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант бойынша 2023 жылдың 5 айында: 3 жоба 4,1 млн теңгеге қаржыландырылды.
Алдағы уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша халық табысын арттыру бағытында 2,5 пайызбен несие алуға 15 жоба  жоспарланып отыр. Оның ішінде 1 қоғамдық монша, 1 тігін шеберханасы, 1 жылыжай, 12 мал шаруашылығы жобалар. Барлығы 66,7 млн. теңгеге қаржыландыру қолға алынбақ. «БЖК-2025» бағдарламасының грант  арқылы 8 млн теңгеге 2 жоба ұсынып отырмыз. Аталған грантқа қол жеткізген жеке кәсіпкерлер жартылай дайын өнім шығаруға және құрылыс заттарын әзірлеуге қаржыларын жұмсайды деп күтілеуде, – дейді Қалжан ахун ауылының әкімі Ғалымжан Әкбаров. 
       

 

 

Тағы да оқыңыз: