Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданына қарасты Қалжан ахун ауылдық округі бүгінде қарқынды дамып келе жатыр.  Ауылдық округ бойынша 210 отбасында 1135 халық тұрады. Оның ішінде 2 тыл ардагері, 120 зейнеткер, 48 мүгедек,  21«Алтын алқа» және 23«Күміс алқа» иелері бар.   Берекелі ауылдың 5 айында атқарылған ілкімді істер мен жүйелі жұыстар жайлы бойынша ауылдық округі әкімі Ғалымжан Әкбаров айтып берді.

Биыл облыстық бюджеттен бөлінген – 153 млн теңгеге Қайқы батыр көшесі күрделі жөнделіп, жаяу жүргіншілер жолы салынды7 Мердігер "Орда автодор" ЖШС.  «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдың электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба құны 485,9 млн теңге. Мердігер «ҚЭТТК» АҚ. Мұнан бөлек, елді мекенде тұтыну қалдықтарын қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбеу мақсатында өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру мен жою жөніндегі объектілерді (полигон) салу үшін жалпы көлемі 2 га болатын жер учаскесі таңдалған. Ауылда орналасқан шаруашылықтардың демеушілік есебінен жерді тегістеу жұмыстарын жүргізуде.

Биылғы жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша 250 млн 841 мың теңге болып нақтыланды, 2024 жылдың 5 айына жоспарланған 179 млн 322 мың теңге 100 пайызға игерілді. Сонымен қатар, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы жоспары 12,0 мың теңге болса, орындалуы 17,3 мың теңге 145 пайызға, көлік құралдары салығы жоспары 1 млн 600 мың теңге орындалуы 1 млн 583 мың теңге  98,9 пайызға болып орындалды.

Білім саласы бойынша биылғы 2023-2024 оқу жылында мектептегі 2 даярлық сыныбында 24 бала тәрбиеленуде. Оқу жылында мектептегі сыныптар саны – 16, оқушылар саны –  224. Оқушылар екі ауысымда оқиды. Бірінші ауысымда – 134 оқушы, екінші ауысымда – 90 оқушы білім алды.

  Биылғы оқу жылында 16 оқушы мектеп бітіріп, 12 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуда.

  Мектептегі жалпы мұғалімдердің саны – 50. Оның ішінде  54 мұғалім жоғары білімді, 6-уы арнаулы орта білімді. Мектеп толық педагог мамандармен қамтылған. Мұғалімдердің біліктілік санаттары бойынша 8 мұғалімде педагог-зерттеуші, 15 мұғалімде педагог-сарапшы, 17 мұғалімде  педагог-модератор біліктілік санаты бар.

«Гүлдер» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны барлығы 2-5 жас аралығында 3 топпен 70 бала қабылданып, тәрбиеленуде. Балабақшаның штат бірлігі 17,5. Қызметкерлер саны -23  Педагогтар саны-12 оның  ішінде жоғары білімді мамандар саны-10, Модератор санатында 3 педагог, сарапшы санатында 4 педагог жұмыс жасайды.12 техникалық қызметкер жұмыс істейді.

Денсаулық саласы бойынша Қалжан ахун фельдшерлік акушерлік пунктінде 3 орта буын қызметкері халыққа қызмет көрсетеді. Қаралған науқас саны – 1165, үйде қаралған науқас саны – 551.

  Ал, мәдениет саласына келетін болсақ, клубта 5 үйірме жұмыс жасайды, оған 56 өнерпаз тартылған. 2024 жылдың 5 айында 17 шара өткізілді, жалпы көрермен саны – 1348.

 Кітапханада 22840 кітап қоры, 677 оқырманы  бар және 8 орындық оқу залы бар. Жыл көлемінде көркем әдебиеттер мен балалар әдебиеттерін насихаттау тақырыптары бойынша 15 мәдени шара өткізілді.

Ауыл шаруашылығы саласында ауылдық округ бойынша осы жылдың 1 қаңтарына ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының есебінде 781бас ірі қара, 797 бас уақ мал, 636 бас жылқы және 432 бас құс тіркелген.

Ауылда 475 экономикалық белсенді халық тіркелген. Жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған 64 адамның 11-ы тұрақты жұмысқа, 23-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, 2-і жастар тәжірибесіне, 1-і алғашқы жұмыс орнына, 3-і Күміс жас  жобасына жолданды. Сонымен бірге 8 отбасының 40 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырып, қаржылай және азық-түлік пакеттері көмегін алды.

 Кәсіпкерлік саласы бойынша кәсіпкерлер субъектілерінің саны – 109, оның ішінде: жеке кәсіпкерлер – 92, шаруа қожалықтары – 17. Жұмыс жасап тұрғаны – 96. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасымен11 млн.теңгені құрайтын «Сауда қызметін кеңейту» қаржыландырылды. Жоба үйлестіруші ЖК «Жакенова».

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант бойынша 2 жоба 2,6 млн теңгеге қаржыландырылды.

Тағы да оқыңыз: