Kyzylorda-news.kz. Биыл өңірде айтулы жұмыстар жүргізіліп жатр. Аймақ басшысы Н.Нәлібаев халықпен кездескен сайын облыстың 2023 жылғы бюджеті 520 млрд болып бекітілгенін атап, соның шеңберінде қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізуде. Одан бөлек, облыс орталығынан аймақ басшысының іскерлігінің арқасында демеушілер есебінен облыс орталығынан жаңа ғимараттар бой көтеруде. Атап айтсақ, «Аналар үйі», «Қан орталығы», «Жылу электр орталығы», «Неке сарайы» құрылыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ шыны заводы іске қосылды және Жаңақорғанда томат зауыты салынбақ.
Облыс орталығында осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін іргелі Сырдария ауданында да атқарылып жатқан жұмыс ауқымды. Мәселен, биылғы жылы аудан бюджеті 10 млрд теңге болып бекітілді. Аудан көлемінде 11 млрд теңгеге жоба дайындалып, 5,7 млрд теңгенің жобасы қолдау тауып қаржысы бөлінді. Ағымдағы жылы Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді және Қоғалыкөл ауылдық округтерінде электр желілерін ауыстыруға 1,6 млрд теңге, «Шаған-Тереңөзек» трассасын күрделі жөндеуге 650 млн теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, Калжан ахун елді мекенін газдандыру бойынша 2,9 млн теңге қаржы бөлінді және С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов елді мекендеріне жобалық сметалық құжаттары дайындалып, министерлікке ұсынылды. 2023-2024 жылдары жүзеге асырылады. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, бірінші кезекте халық тұтынатын жол, су, электр жарығына баса назар аударылып, жұмыстар жасалуда.
Осы ретте, дін қайраткерінің есімімен аталатын Қалжан ахун ауылында биыл газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекенді газдандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 298,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 32,5 млн теңге барлығы 330,5 млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілді. Жеңімпаз мердігер мекеме анықталып, қазір ауылда газ құбырларын жүргізуге қатысты құрылыс қарқын алды. Бұл жұмыстар биылға жоспарланған. Сондықтан Қалжан ахун ауылының халқы ағымдағы жылы көгілдір отынның игілігін көретін болады.
Бұдан бөлек те ауылда инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп ждатр. Осы уақытқа дейін Қалжан ахун ауылындағы спорт алаңына жасанды жабынды төсеу жұмысы бойынша "Сүндетбай" шаруа қожалығы 4,2 млн. теңгеге демеушілік көрсетіп, жасанды төсеніш төселіп, сырлау, жарықтандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жер жастардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Сондықтан демеушілікпен атқарылған жұмыс жастарға зор серпін сыйлады.
Жол жөндеу жұмыстарына келер болсақ, елді мекендегі Қайқы батыр көшесін жөндеу жұмыстарына демеушілік есебінен жобалық сметалық құжаты дайындалған. 2023 жылы жөндеу жұмыстарына қаржысы бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.
Халық денсаулығы әркез алдыңғы орында тұрады. Осы орайда, ауылдық фельдшерлік акушерлік бекетінің (ФАБ) ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 47,8 млн. теңге бөлініп, аудандық аурухана арқылы қүжаттары дайындалып, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуге облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсынылды. Яғни, медициналық мекеме жөндеуден өтсе, мұнда ауыл тұрғындары тұрақты ем қабылдайды.
Аудан орталғына жақын ауылда осындай ілкімді істер атқарылуда. Осы жұмыстардың сапалы орындалуы тікелей бақылауға алынған.