Kyzylorda-news.kz.  Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясында үрдіске айналып, тұрақты өткізілетін «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы бүгін «Қызылордажылуэлектрорталығы» коммуналдық мекемесінде жалғасты. 

Стратегиялық маңызы бар нысандағы бастауыш кәсіподақ ұйымымен Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев, «Yntymaq» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің Республикалық салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Марат Бәйімбетов онлайн форматта кездесті.

Кездесу модераторы Мақсұт Нәлібаев Кәсіподақтар Федерациясымен 2022 жыл Әлеуметтік әріптестік жылы шеңберіндегі шаралар қатарында бастауыш ұйымдармен тығыз байланыс жалғастырып жүргізілуде екендігін, жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек мәселелері тұрақты назарда екендігін атап өтті. 

«Қызылордажылуэлектрорталығы мекемесі қолданысқа берілген 1964 жылдан бастап жұмыс істейді. Коммуналдық мекеме Қызылорда қаласы халқын электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етіп отыр. Мекемеде қазірде жұмыскерлердің жалақысы 2020 жылы 5 пайызға, 2021 жылы 22 пайызға, 2022 жылы 20 пайызға көтерілді. Дегенмен, соның өзінде орташа жалақы 108 мың теңгені құрап отыр, бұл жалпы елдегі орташа жалақыдан екі еседен де аз мөлшерде. Мемлекеттік коммуналдық мекеме ретінде, нысанға байланысты тарифтік жүйемен бекітілген жалақыны көтеру өзекті болып отыр», - деп әңгімеледі «Қызылордажылуэлектрорталығы» коммуналдық мекемесі директоры Медет Усаин. 

Ұйымда жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасындағы 2021 жылдан қолданыстағы Ұжымдық шарт аясында жұмыскерлер мүддесіне белгіленген міндеттемелер толық орындалып келеді. 

«Материалдық көмектер, әлеуметтік төлемдер және тағы басқа да қабылданған ережелер бойынша шаралар атқарылуда. Мекемеде 676 жұмыскер жұмыс істейді, оның барлығы кәсіподақ мүшелері болып табылады. Өзекті бір мәселе біздің мекемеде кадр ағымы жиі орын алады, жалақының аздығына байланысты жақсы мамандар мекемеден кетіп қалады, жастарды жұмысқа қызықтыру да қиынға соғады», - деп жалғастырды әңгімені жергілікті кәсіподақ ұйымы төрағасы Ғалымжан Қайырбергенов. 

Кездесу барысында ұжымның көтеріп отырған саладағы мамандардың тұрақтануы, жұмыскерлердің жалақысы өзекті мәселелері туралы «Yntymaq» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің Республикалық салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Марат Бәйімбетов өз ой-пікірін білдіріп, бұл бағытта өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестермен бірлесе атқарылған жұмыстар туралы айтты. 
Кездесуді қорытындылаған Нұрлан Өтешев ұжымның, кәсіподақ мүшелерінің көтерген мәселелеріне тоқталып өтті. 

«Энергетика саласы жұмыскерлерінің, коммуналдық мекеме жұмыскерлерінің жалақысын көтеру мәселелере күн тәртібінде, Кәсіподақтар федерациясы мен салалық кәсіподақтар назарында. Тарифке байланысты белгіленетін жалақының шекті мәндері, оны көбейту тетіктері бойынша тиісті ұсыныстар жолданып, жұмыстар жүргізілуде. Жалақының аз болуынан мамандардың сол салада тұрақтамауы орын алатыны белгілі. Кәсіподақтар федерациясы тарапынан саладағы бұл мәселе әлеуметтік әріптестер назарына жеткізілуде, меселенің шешіміне әрі қарай жұмыс жүргіземіз. Сонымен қатар, жұмыскерлердің жалақысы көтерілуіне ең төменгі жалақының мәнін көтеру де оң әсер беретін болады. Бұл туралы ұсыныстар жолдануда», - деді Нұрлан Өтешев.
 

316324886_3343351222648259_3134990988404807274_n.jpg

316426527_3343351169314931_246919969607075650_n.jpg

 

Тағы да оқыңыз: