Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 20-сессиясы өтті. Сессия отырысына қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібіне «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №63-8/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «№19 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Жанат Садуақасованың депутаттық өкілеттігі туралы» мәселелері шығарылып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева хабарлама жасап, берілген сауалдарға жауап берді.

Сессияда барысында №19 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты болған Жанат Садуақасованың қалалық білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалуына орай, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат депутаты өкілеттігі тоқтады. Сессия отырысына қалалық тиісті дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Тағы да оқыңыз: