Kyzylorda-news.kz. Қазіргі әлем қарқынды өсіп, дамып келеді. Қазіргі уақытта халық арасында салауатты өмір салтын қолдау мен дамыту маңызды. Осылайша, біздің қоғамның дамуына қарай дене шынықтыру мен спорттың маңызы ұдайы өсуде. Осы орайда, Жастардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ақжарма, Қызылжарма, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтерінен үстел теннисі орталықтары ашылды.
Орталық қызметі «Qosyl» жастар орталығының «Жастар бастамаларын қолдау» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Бұған дейін жоба аясында аталған орталықтар Қарауылтөбе, Ақсуат ауылдық округінен ашылып, сәтті жүзеге асырылуда. Ал ауыл жастары орталық қызметін ақысыз негізде пайдалана алады.
Үстел теннисімен айналысу кезінде студенттер адамның бойындағы маңызды қасиеттер, яғни ойлау жылдамдығы, реакция жылдамдығы, жеңіске деген ұмтылыс, зейін, шыдамдылықты қалыптастырады.
Айта кету керек, үстел теннисі – әлемде кең тараған спорт түрі. Шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін үстел теннисі 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындары бағдарламасына енген. Ал Паралимпиадалық ойындарға 1960 жылы-ақ кіргізілген еді. Қазақстан үстел теннис федерациясы 1993 жылы құрылды.

