Kyzylorda-news.kz. Партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» жобасы бойынша тақырыптық қабылдау өтті.
Қабылдауды Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Алдамжарова Әлия Пазылбекқызы жүргізді.
Қабылдауға келген тұрғындар түрлі тақырыптар бойынша өтініштер білдіріп, заңгер маманнан көмек сұрады.
Заң кеңесшісі Ә. Алдамжарова көтерілген мәселелер бойынша «Тұтынушы құқығын қорғау туралы» Заң нормаларын негізге ала отырып, құқықтық кеңестер берді.
