Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында өңірлік және қалалық жалпыұлттық коалиция өкілдері Әліби Басаров, Берік Шайнуров және Нұрсая Серікбай қала тұрғындарымен тікелей жүздесу мақсатында «Арай Сити Мол» сауда орталығында экспромт форматта кездесу өткізді.

Кездесу барысында өкілдер алдағы 15 наурыз күні өтетін референдумның маңыздылығына тоқталып, бұл саяси науқан әрбір азаматтың ел болашағына қатысты ұстанымын білдіруге берілген нақты мүмкіндік екенін атап өтті. Ашық форматта өткен жиында сауда орталығына келген тұрғындар өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Спикерлер референдум – тек саяси шара ғана емес, бұл қоғамның ортақ жауапкершілігін айқындайтын маңызды қадам екенін жеткізді. Әр дауыс – елдің ертеңіне қосылған үлес. Сондықтан тұрғындарды белсенділік танытып, дауыс беру күні учаскелерге барып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Жалпыұлттық коалиция тұрғындамен кездесу 2.jpg

Тағы да оқыңыз: