Kyzylorda-news.kz Қала орталығының сыртқы бейнесін сақтау мақсатында жұмысшы топ кезекті рейд жүргізді. Тексеру барысында нысандар маңына қоқыс тастау сияқты тәртіп бұзушылықтар анықталып, ескертулер берілді және хаттамалар толтырылды.

Рейд барысында «Шишка» кафесі, «Бумер Сервис», «Бункер Kiver Club», бірнеше асхана аумақтары мен «Blade Barbershop» нысандары қаралды. Нысан иелеріне ғимараттардың сыртқы бейнесі қала көркіне әсер ететіні түсіндіріліп, аумақты таза ұстау талабын сақтауы ескертілді.
Қала келбетін сақтау бағытындағы бақылау шаралары жалғаса береді.

