Kyzylorda-news.kz 2025 жылдың 8 шілдесінде Қызылорда қаласында Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы өтеді. Бұл - еліміздің урбанистика саласындағы маңызды шара және Қызылордада алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр. Бұл форум - өңірлердің дамуына жаңа серпін беретін, тың идеялар мен нақты бастамалардың тоғысатын алаңы.
Форум аясында өңірлік қалалардың ел дамуына қосар үлесі, тұрғын үй мен инфрақұрылымды жақсарту, экология мен климатқа бейімделу, шағын қалалардың әлеуетін арттыру, мәдени мұраны сақтау, жастардың басқаруға араласуы және қалаларды цифрландыру секілді маңызды тақырыптар талқыланады.
Іс-шараға мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, әлемдік сарапшылар, архитекторлар мен урбанистер қатысады. Олар жаһандық және жергілікті тәжірибелермен бөлісіп, Қазақстан қалаларының болашағына бағыт-бағдар береді.
Қызылордада алғаш рет өтетін бұл форум - қаланың ғана емес, бүкіл өңірдің дамуына тың мүмкіндік ашатын ерекше басқосу. Форум қорытындысында өңірлердің тұрақты дамуын қолдайтын нақты жобалар мен ұсыныстар қабылданады.
Өтетін орны: Қызылорда, Өнер орталығы
Күні: 2025 жылғы 8 шілде
ТІРКЕЛУ: https://nuf2025.com/