Kyzylorda-news.kz Қала әкімі Нұржан Ахатов кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу, жер мәселесі мен кәсіпкерлікті қолдауға қатысты мәселелерді көтерді.
Бірқатар мәселе қабылдау барысында шешімін тапты. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын егжей-тегжейлі талдаған қала әкімі көтерілген сауалдарға байланысты тиісті шаралар қабылданатынын жеткізіп, сала басшыларына бірқатар міндеттер жүктеді.
Айта кету керек, тұрғындар қала әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.