Kyzylorda-news.kz   Кеше қала әкімі Серік Қожаниязов қоғамдық кеңес алдында есеп берді. Жиында шаһар басшысы өткен жыл толайым табыстарға кенелген берекелі кезең болғанын, экономикамыз еселеп артып, даму деңгейіміз бойынша барлық салада өнімді өсімдерге қол жеткізілгенін айтты. 

Қала әкімінің айтуынша, қаладағы өңдеуші өнеркәсіп көлемі – 5,6 процентке (90,6 миллиард теңге), ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 8,0 процентке (16,1 миллиард теңге), инвестициялар тарту – 18,2 процентке (217,2 миллиард теңге), құрылыс жұмыстарының көлемі – 6,8 пайызға (71,9 миллиард теңге), пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі – 23,3 пайызға (432,5 мың шаршы метр) және сауда көлемі - 3,9 пайызға (347,7  миллиард теңге) артты.

Ал, қала бюджеті 96 миллиард теңгеден асқан. Ол 2022 жылмен салыстырғанда 31 пайызға өскендігі байқалады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өткен жылдың қазан айында өңірімізге жасаған жұмыс сапарында қала дамуына оң бағасын беріп, бірқатар тапсырма жүктегені белгілі. Оның ең өзектісі – қаламызды ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталды. Мемлекет басшысының қолдауымен алдағы үш жыл ішінде кезең-кезеңімен тұрғын үйлерімізге ыстық су берілетін болады. Қазір мақсатты жұмыстар жоспарға сәйкес жүруде. Жалпы, құрылыс – экономиканың негізгі драйвері десек, бұл тұрғыда Сырдың бас шаһары құрылыс саласының қарқыны бойынша республикада алдыңғы орындардан көрінді. Алып құрылыс алаңына айналған Қызылорда заманауи келбетін қалыптастырып, сәулетіне көрік қосты. Сонымен қатар, ең таза қалалардың көшін бастап, көрсеткіштерімізге серпін берді. Жыл көлемінде бюджеттің барлық қаржы көздерінен және жеке инвесторлар арқылы 355,8 миллиард теңгенің жобалары сәтті басталып, 113 миллиард теңгесі игерілді, – деді қала басшысы Серік Қожаниязов есеп беру барысында.

 

Тағы да оқыңыз: