Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан» орталығының ұйымдастыруымен және Kinoplex киноорталығының қолдауымен қайырымдылық іс-шара өтті. Шара мүгедектігі бар және әлеуметтік аз қамтылған жандарға арналып, оларға рухани демеу мен қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар «Ыстық ұя» көркем фильмін тегін тамашалады. Фильмде Кореяда бірнеше жыл еңбек етіп, туған ауылына оралған Ғалияның отбасындағы қарым-қатынас, бауырлар арасындағы жасырын өкпе мен шынайы сезімдер суреттеледі.

Көрсетілімнен кейін қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мұндай ізгі бастамалардың қоғамдағы бірлік пен мейірімділікті арттырудағы маңызын атап өтті.

«Жомарт жан» орталығының үйлестірушісі Нұргүл Ақсақалова шараның тек қайырымдылық емес, сонымен бірге рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы бірлікті нығайту бағытында маңызды қадам екенін айтты. Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғасын табатыны жеткізілді.

Фото: Ассамблея Қызылорда

Тағы да оқыңыз: