Kyzylorda-news.kz. Айдынды Аралдың сәні – балық өндірісі мен балықшылардың маңдай тері, тынымсыз тіршілігі. Бала кезден сүйіп оқыған Әзілхан Нұршайықовтың «Қан мен тер» романында олардың тұрмыс-тіршілігі, бастан кешірген қиындығын айқын бейнелеген. Содан болар, шалғайдағы ағайынның ахуалын үнемі назарда ұстауға тырысамыз. Айта кетейік, аудандық кәсіпкердің көмегімен көнерген қайықтың барлығы жаңаруда. Жансерік Нысанбаев алғаш боп шыны пластиктен ескекті қайық шығаратын кәсіпорынды іске қосып, өндірісті жөнге қойды. Жаңа кәсіптің тізгінін ұстаған кәсіпкер бірнеше жылдан бері қайық жасау өндірісін қолға алып келеді. Өнімге өзге қалалардан да сұраныс жоғары.

Ж.Нысанбаев ауданда алғашқылардың бірі болып жиһаз шығаруды жандандырды. Қажетті қондырғы сатып алып, шағын бөлмені жалға алу арқылы өзінің кәсібін бастаған еді. Кейін «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін пайдалана отырып, корпусты қатқыл жиһаз шығаратын цех ашқан болатын. Ал бүгінде бизнесін кеңейтіп қана қоймай, оны әртараптандыруға мүмкіндік алды. Бүгінде жиһаз цехы ауыл аймаққа қажетті барлық түрдегі жиһазды шығарады. Яғни, шкаф, ас үй гарнитурасы, сөре, стеллаж секілді жиһаздар жасауда. Бір артықшылығы, жиһаз жасағанда дайын үлгі емес, тапсырыс берушінің талабына үлкен мән беріледі. Дизайн, материал сапасы, жеткізу мен жиһазды құру қызметі де қарастырылған.

– 2009 жылдан бері жиһаз жасаумен айналысқан болатынбыз. 2013 жылы аудан орталығынан ғимарат тұрғыздық. Ал қайық өндірісін қолға алу идеясы 2016 жылдан бастап жүзеге асқан еді. Оған себеп болған кіші Арал теңізінің толуы, балықшылардың көбейуі екені даусыз. Балықшылардың басты құралы су көлігі болғандықтан сұраныс жоғары. Оның үсітне қолданыстағы қайықтардың басым бөлігі көнерген, суда жүзуге жарамсыз. Салдарынан қайғылы оқиғалар орын алуда. Біз мұның алдын алу үшін осы шешімге келдік. Суда қауіпсіздікті күшейтетін қауіпсіз қайықты шығаруды ойластырдық, – дейді кейіпкеріміз.

Кәсіпкердің сөзінше, қайықты жасау технологиясы ерекше. Өнім пластиктен құрастырылады. 2016 жылы сынақтан өткізіп, 2017 жылы басқа үлгілерді қоса бастаған. Осылайша, үшінші жыл дегенде сынақтан өткен дайын өнімдерді сатылымға шығарған екен. Әсіресе, балықшыларға ыңғайлап, құрылымын ақылдасып, бір жүйеге түсіруге мүмкіндік алыпты.

Нәтижесінде, қазіргі таңда айына 6-7 қайық дайындайды. Сұраныс тек Арал өңірінен емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен түсуде. Сұраныстың мұнша артуы қолжетімді бағадан туындаса керек. Бүгінде өндірісте 8 адам жұмыс істейді. Жаңа ғимарат жұмыстары аяқталса, тағы 5 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Кәсіпкердің басты мақсаты – отандық бренд қалыптастыру арқылы Қазақстандағы өндіріс сапасын жаңа деңгейге көтеру. Жұмыс жайын есткерсек, бұл арманның жүзеге асуы да алыс емес секілді.

Осы уақытқа дейін 100-ден аса қайық шығарылған екен. Бағасы 450 мың теңгеден басталады.

– Бұған дейін шеберлер қайықтың пішінін жасау, желімдеу, бояу жұмысын қолмен істеген болатын. Қазір бұл процестің жартысы автоматты қондырғы көмегімен жүзеге асады. 4 түрлі қайық түрін жасау еш қиындық туғызған емес. Шикізат Еуропадан әкелінеді. Айта кетерлігі, 3 күнде бір су көлігін құрастыруға мүмкіндік бар», – дейді ол.

Бүгінде қайықтар Арал және Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізіліп жатыр. Қазіргі таңда жиһаз және қайық өндірісі толық қуатпен жұмыс жасауда. Болашақта шыныталшықты құрылыс материалын өндіру жоспарда. Яғни, кәсіпкердің негізі ұстанымына айналған отандық өндіріс саласын дамыту межесі алыс емес деген сөз.

Жансерік Нысанбаевтың айтуынша, мықтылығы мен сапалылығы ескеріліп, қайықтың бағасы қолжетімді деңгейге сәйкестендірілген. Бұған дейін қайықтың пішінін жасау, желімдеу, бояу жұмыстарын қолмен істеген еберлер қазір процестің жартысын автоматты қондырғымен тындырады. 1 тоннадай жүк көтере алатын 4 түрлі қайық жасайтын аралдық ұсталар қажетті шикізатты Еуропадан алдырады. 3 күнде бір су көлігін құрастыратын шеберхананың 8 қызметкері отандық өндіріс көлемін арттырмақ ниетте.

Қайықтар Арал және Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізіліп жатыр. Кәсіпкердің негізі ұстанымы отандық өндіріс саласын дамыту. Қазіргі таңда жиһаз және қайық өндірісі толық қуатымен жұмыс жасап тұр. Осы уақытқа дейін 100-ден аса қайық шығарылды, бағалары 450 мың теңгеден басталады. Болашақта шыныталшықты құрылыс материалын өндіру жоспарда бар.
 

Тағы да оқыңыз: