Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында өңірде электр желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында нақты іс-шаралар жоспарланып, бүгінгі таңда жүйелі жұмыстар жасалуда. 

Осы бағытта бүгін облыстық және қалалық партия филиалдары жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған баспасөз турына қатасып, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның қайта жаңғыртылған және жаңартылған электр тарату нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі уақытта электр желілерінің тозуы 63,9 пайызды құрайды. Электр желілерінің тозу дәрежесін төмендету және жабдықтау сапасын арттыру мақсатында Департаментпен «ҚЭТТК» АҚ-на жалпы сомасы 12 855,9 млн.теңгеге 2021-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бекітілген. Осыған орай «ҚЭТТК» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы негізгі қорларды жаңарту, жаңғырту, желілердегі апаттық жағдайды азайту және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды қарастырады.

«ҚЭТТК» АҚ-ның 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасымен жалпы сомасы 3 179,8 млн.теңгеге электр желілері мен нысандарын жаңғырту жұмыстары жүргізілсе, 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде мұндай жұмыстарға барлығы 7 521,58 млн. теңге көзделген.

Қазіргі таңда 2025 жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама – 79% орындалған.

Тағы да оқыңыз: