Kyzylorda-news.kz Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев лиганың атқарушы директоры Александр Орлов және спорт-сараптама бөлімінің жетекшісі Арсен Іңкәрбековты қабылдап, «Қайсардың» жаңа маусымға дайындық барысын талқылады.
Кездесу барысында QJ League-ның биылғы біріншіліктегі талаптары мен міндеттері сараланды. Сонымен қатар, олар қызылордалық клубтың қаржылық қиындықтарына қарамастан, лицензиялау мәселелерін жақын арада шешуге дайын екендіктерін жеткізді.
Сондай-ақ, QJ League өкілдері бірқатар ұсыныстарын ортаға салып, мәселені оңтайландыру жолдарын ақылдасты.
Өз кезегінде басқарма басшысы QJ League өкілдерінің ұсыныстарын қабылдап, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы