Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қатысушыларының арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында нақты іс-шараларды қолға алып келеді. Сондай-ақ тұрғындарды жолда жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру мақсатында үнемі профилактикалық шаралар жүргізілуде. Яғни жолда жүру ережесін сақтау, жаяу жүргіншілердің жолда жүру қауіпсіздігін арттыру бойынша түсіндірмелік әрі арнайы-ақпараттық жұмыстар қолға алынған.
Соның бірі Қармақшы ауданы №105 мектеп-лицейінде оқушыларға полиция қызметкерлерімен «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» акциясы аясында жол қозғалыс ережесін насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараның басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту болып табылады.
Осы ретте Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Еспанов Қайрат №105 мектеп-лицейінің 4-5 сынып оқушыларымен кездесіп, жол ережесі жайлы түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Балаларға жол қауіпсіздігін үйрету мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс және жол ережесін ерте жастан үйреткен дұрыс. Алдағы уақытта да Қармақшы ауданының Полиция қызметкерлерімен бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жүргізіле беретін болады.
Сонымен қатар Қармақшы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді. Мектептер мен балабақшаларға жақын жерлерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында және аулаларда жүрген кезде өте мұқият болыңыз. Тұрғын үй аймағында автокөлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтауы керек және тек жүру бөлігіне ғана емес, тротуарлар мен балалар алаңдарына да назар аударуы керек.


