Kyzylorda-news.kz Өздеріңіз білетіндей, еліміздің он аймағын су алып, төтенше жағдай жарияланды. Десе де, бұл жағдай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауында тұр. Президент арнайы үндеуін де жолдады. 

Онда барлық қажетті шаралар қабылданғанын,  Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салып жатқанын атап өтті. Бұл қандай істе болмасын елдің мәселесі назардан тыс қалмайтынын, әрдайым бірінші орында тұратынын білдірсе керек.

− Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.
Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.
Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес, − деді ол.

Қазақта «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар. Қандай жағдай болса да күшіміз бірлікте. Ауызбіршілігіміз мықты болса біз алмайтын қамал жоқ. Елімізге келген бұл сынақ елдің бірлігін, тұтастығын, бір-біріне деген қамқорлығын тағы да дәлелдей түскендей.

Кенжегүл Ахметова
С.Айтбаев атындығы көркемсурет
галереясының меңгерушісі.
 

Тағы да оқыңыз: