Kyzylorda-news.kz    Оқиға еліміздің оңтүстік өңірінде, яғни Бәйдібек ауданында болған. otyrar.kz-тің хабарлауынша, қайынағасы туған келінін аяғымен теуіп, шашынан тартып ұрған.


Бәйдібек аудандық сотында азамат Н.Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Аталған іс бойынша құқық бұзушы Н.Ж ақпан айының 21 күні сағат 21:00 шамасында өзінің туған інісі мен оның жұбайы А.А мен өзара келіспеушілік болып жатқан кезде араларына түсіп, жәбірленуші А.А-ның арқасынан аяғымен теуіп, шашынан тартып, ішінен және басынан ұрып, қасақана денсаулыққа жеңіл дәрежелі зиян келтірген.


Сот отырысында құқық бұзушы Н. Ж өзінің кінәсін мойындады, алайда жәбірленуші А.А кешірім бермейтінін айтты. Сот құқық бұзушы Н.Ж-ны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 15 (он бес) тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын тағайындады.


Сонымен қатар, құқық бұзушы Н.Ж-ға 6 (алты) айға дейін жәбірленуші А.А еркiне қарамастан, оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға тыйым салуды көздейтін ерекше талап белгіледі.


фото: kaz.orda.kz

Тағы да оқыңыз: