Фото: Instagram/ aigul_imanbayeva 

Kyzylorda-news.kz  Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бүгінде шығармашылық жұмысымен әжелік қызметін қатар алып жүргенін жеткізді. Өнер иесі көпшілікке қандай әже екенін айтып, әйелдер қауымына келелі кеңесін берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Айгүл Иманбаева бүгінде жұмысына да үлгеріп, немересіне де барынша көп уақыт бөлуге тырысып жүргенін айтты.

 "Мен сахнада бетімді бояп, жылтырап, әнін салып, той-томалағына барып, сүтке шомылып жүр деп ойламаңыздар. Өнерімізбен қоса менің енелік жолым, әжелік жолым бір бөлек. Күнде қасында отырып, бесік жырын айтып отырмын деп айта алмаймын. Өйткені менің ұстаздығым, өнерім, басшылығым бөлек. Бір басымда 1040 жұмысым бар. Соған байланысты қасында күнде отырамын деп айта алмаймын. Дегенмен де үйге келгенде немеренің иісін сезіну, қылығының тәттілігін көру бір бөлек", - деді өнер иесі. 

Сонымен қатар Иманбаева енелерге ақыл-кеңесін айтып, келіндерді тәрбиелеуге тырыспауға шақырды. 

"Әр анаға әже бақыты бұйырсын. Келін тәрбиелеймін, немере тәрбиелеймін деп алыспағандарыңыз жөн. Өзіңді тәрбиелеңіз. Келін сол көргенді істейді. Немере де сондай. Жүрегіңде жылулық болса, түйген ойың болса соны немере де бойына сіңіреді. Бар болғаны махаббатыңызды аямай беру керек", - деді актриса Instagram-дағы парақшасында. 

 

Тағы да оқыңыз: