Kyzylorda-news.kz Үкімет елімізде 1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге әлеуметтік төлемдер көбейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет 2024 жылғы 19 қарашада "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы" қаулыны бекітті.
Төлемдер асыраушысынан айырылу және еңбекке жарамдылығын жоғалту бойынша алынатын жәрдемақылар мөлшерінен 6,5% өседі.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге жәрдемақы төлемі келесідей болды. 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 69 886 теңге беріліп келді. Мысалы, енді олар 69 886 теңгенің орнына 74 428,59 теңге алады. Осылайша (4 542,59 теңге қосылады).
Сонымен қатар 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін ата-ана жалпы 139 772 теңге алады. Ал 7-18 жас аралығындағы 1-топтағы мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін ата-ана жалпы 165 382 теңге алады.
7-18 жас:
- 1-топ: 95 496 теңге.
- 2-топ: 79 435 теңге.
- 3-топ: 69 886 теңге.
Бала кезінен мүгедектер үшін:
- 1-топ: 95 496 теңге.
- 2-топ: 79 435 теңге.
- 3-топ: 69 886 теңге.
Жалпы аурулар немесе қызмет барысында жарақат алған мүгедектер үшін:
- 1-топ: 95 496 теңге.
- 2-топ: 76 397 теңге.
- 3-топ: 52 089 теңге.
Әскери қызмет пен арнайы міндеттерді орындау кезінде жарақат алған мүгедектер үшін:
- 1-топ: 171 024 теңге.
- 2-топ: 131 958 теңге.
- 3-топ: 100 271 теңге.
Құжат 2025 жылы 1 қаңтардан бастап нақты қолданысқа енгізіледі.
Фото: el.kz