Kyzylorda-news.kz “AMANAT” партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Сайлауалды бағдарлама аясында СПМК-70 мөлтек ауданында салынып жатқан «Келешек мектебі» құрылысына мониторинг жүргізді.
Білім ордасының құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың шілде айынан бастап келісімшарт бойынша «Integra Construction KZ» ЖШС жүргізуде. 1500 орынға шақталған білім ошағы құрылысы жақын арада аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Құрылыс қарқынын көрген аманаттықтар мониторинг барысында тыпсырыс беруші және мердігер, техникалық қадағалаушы мекеме өкілдерімен жүздесіп, құрылыс қарқынын жоғарылату, құрылыс сапасы мен мерзімінде аяқталуы жөнінде нақты ұсыныстарын айтты.
Мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру қажеттігін мердігер мен техникалық қадағалаушы мекеме басшыларына қатаң ескертті.