Kyzylorda-news.kz Бүгін «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалы жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында қаладағы жаңартылып жатқан Қорқыт ата аллеясына  барып зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу жұмыстары барысында пандустардың құрылыс нормасы мен ереже талаптарына сәйкестілігі назарға алынып, олардың нормативтік талаптары негізінде анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекеме өкілдеріне ескертулер беріліп, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасының мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру, олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасау және әлеуметтік инфрақұрылымды қолжетімді ету. 

Тағы да оқыңыз: