Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында үйден білім алатын ерекеше қажеттілігі бар бірқатар балалардың жағдайына және оқу процесіне мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Монтирингке «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев пен Қазалы аудандық білім бөлімінің әдіскері Надира Аманкелдіқызы қатысты.
«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы әр баланың ата-анасынан балалардың жағдайын сұрап, кез келген уақытта партия алаңына келіп, ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін жеткізуге мүкіндіктері бар екенін айтты.
Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар жандарды қамқорлыққа алып, олар үшін кедергісіз орта құру партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, іске асырылып жатқан негізгі тармақтардың бірі екенін атап өтті.
Өз кезегінде ата-аналар балалардың білім алуы барысында ешқандай кемішіліктер жоқ екенін және уақытылы денсаулығына байланысты тексеру жұмыстары жасалып отырғанын жеткізді. Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша 98 бала үйден оқыту бойынша білім алады.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қабылдау өтті
«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазалы ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ғанибек Құрманалиев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарға қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында, Ғанибек Айбергенұлы келген тұрғындардың сауалдары бойынша қажетті құқықтық кеңестер беріп, азаматтардың өтініштерін қарап, құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарын тыңдады.
Сонымен қатар, өтініш иелерінің әкімшілік айыппұл төлеу, көлік салығы және басқа да, мәселелері бойынша заңдылыққа сәйкес жауап берілді.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында үйден оқу процесіне мониторинг жүргізілді
Қоғам
26.04.2024 10:20
