Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының қалалық филиалының жанынан «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында құрылған мониторинг тобы әлеуметтік нысандарға бақылау жүргізді.
Аралау барысында Қызылорда облыстық консультативтік-диагностикалық орталығында бірқатар мәселелер зерделенді.
Оның ішінде:
- арнайы автотұрақ орындары;
- тактильді бағыттаушы жолақтар;
- лифтінің нормаға сәйкес келмеуі;
- көмек шақыруға арналған арнайы қоңырау түймелері;
- дәретхана бөлмесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайсыздықтар туғызатын кедергілер.
Топ мүшелері медицина орталығының мамандарына партиялық жоба аясында тұрғындар үшін кедергісіз орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.