Kyzylorda-news.kz. Кеше Қызылорда облысында арнайы жұмыс сапармен «Kazakh Invest» ҰК» Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов келді.

Басқарма төрағасы мен облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов қаладағы жаңадан салынатын жылу орталығына барды. Жұмысымен танысып, оған қатысты мәселелерді талқылады.

Облыс орталығында қуаты 240 МВт болатын заманауи бу-газ қондырғысын салу жоспарлануда. Жобаны іске асыруға құны – 215,1 млрд теңге қаржы бөлініп, 2025 жылы пайдалануға беріледі деп көзделуде. Бұл жоба іске асырылса электр тапшылығын жоюға мүмкіндік тумақ.

Жоба инвесторлардың қаржысы есебінен іске асырылады. Осыған орай, осы жылдың 13 шілдесінде ҚР Энергетика Министрлігі аукцион түрінде сауда-саттық өткізеді. Оған дүниежүзінен ірі инвесторлар тартылады. Аукцион голландық тәсілмен жүргізілетін болады.

Биыл жоба-сметалық құжаттары мен құрылыс-монтаж жұмыстары басталса, 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.

Тағы да оқыңыз: