Kyzylorda-news.kz. Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ бірқатар нысандарды аралады.

Мониторинг барысында Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №1 қаулы талаптары мен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік шараларды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Топ мүшелері қала тұрғындары мен қонақтарын бетперделік режимі мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға шақырады.

Сонымен қатар, вирустан сақтануда тұрғындардың вакцинация мен ревакцинациядан өтуі, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындауы, халық көп жиналатын орындарға баруды шектеуі, шетелдік сапарларды кейінге шегеруі аса маңызды шаралардың бірі.

Тағы да оқыңыз: