Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері ешқандай қиындықтарға қарамастан әрдайым өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып келеді.

«Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап Қызылорда облыстық Ақпараттық технологиялар орталығының қызметі тоқтаған жоқ. Қызметкерлеріміздің 70%-ы қашықтықтан жұмыс жасағанына қарамастан ақпараттық жүйелер енгізу, сүйемелдеу, бейнеконференция байланысын ұйымдастыру бойынша барлық жұмыстар толық көлемде жүргізілді. Сондай-ақ аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қашықтағы жұмыс орны (ҚЖО) және бұлтты құжат айналымы (БҚА) мәселелері бойынша қосымша консультациялар берді», – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы» АҚ Қызылорда облыстық ақпараттық технологиялар орталығының директоры Әкімжан Әбішев біздің ақпарат агенттігіне.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облыстық ақпараттық технологиялар орталығы «ҰАТ» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының және Қызылорда облысының мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар саласында барлық мемлекеттік органдарды енгізеді және сүйемелдейді.

Орталық келесі функцияларды ұсынады:

– Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсету;

– Ақпараттық жүйелерді (АЖ) енгізу және сүйемелдеу;

– Бейнеконференция байланысы және онлайн-трансляция сеанстарын өткізуді ұйымдастыру;

– Байланыс қызметтері (Мемлекеттік органдардың бірыңғай орта желісіне (МО БКО) қосу арқылы сымсыз/спутниктік/жерүсті инфрақұрылым базасында виртуалды жеке желілерді ұйымдастыру).

Ал, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы, өз кезегінде, Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ең ірі компания саналады.

Тағы да оқыңыз: