Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімдігінде комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың төрағалығымен жастардың кәсіпкерлік бастамасына 2,5 пайызбен несие беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өткізілді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" ережесіне сәйкес облыс әкімінің 2023 жылғы 3 ақпандағы 23- өкімімен аталған комиссия құрамы бекітілген болатын. Комиссия құрамына ереже талаптарына сәйкес облыстық мәслихат депутаты, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының, салалық сарапшылардың өкілдері еніп отыр.

Сонымен қатар, ереженің талабына сәйкес комиссия отырысына жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін байқаушы ретінде «Ақмешіт жастары» Қызылорда облыстық газетінің тілшісі Дина Бөкенбай қатысты.

Комиссия отырысына сенімді өкілдің іріктеуінен өткен, кепілдік мүлікпен қамтамасыз етілген құны 33,5 млн.теңгені құрайтын 7 өтінім түскен.  Қызылорда қаласынан – 4, Арал, Сырдария, Шиелі аудандарынан 1 өтінімнен.

Түскен 7 өтінімнің 3-уі жылқы шаруашылығына, 1 жоба құрылыс материалдары өндірісі (кәріз құдығы), қалған 3 –уі қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған (арнайы техника алу, жүк автокөлігі, косметикалық қызмет).

Комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесімен 7 үміткердің барлығы комиссияның оң шешім алып, қаржыландыруға жолданды.

Тағы да оқыңыз: