Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жеке кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Өйткені жергілікті өнім өндірісі ерекше сұранысқа ие. Аймақтың құрылыстағы сұранысын қанағаттандыру мақсатында "ВЕГА-Пром" ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру цехы 2015 жылы пайдалануға берілді. Мұнда құрғақ құрылыс қоспасының 11 түрі шығарылады. Нақтырақ тоқталсық, кафель желімі, желім «R 12 PLUS», «Тамшы» және «Ақ тамшы» сәндік сылақ, «Вега-пром» құйылмалы едені, «2в1» және «G12PLUS» гипс жабыны, «BELKOL» гипс сылағы секілді құрылысқа қажетті өнімдер.

Бүгінде мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетілуде. Тек сол қолдауды ұтымды пайдалана білсе болғаны. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланғандың бірі – "ВЕГА-Пром" ЖШС кәсіпорны. Өз бизнесін ашу үшін "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы пайдаланып, қазіргі уақытта цехта күніне 70 тоннадан астам өнім өндіріледі. Алдағы уақытта өндірісін кеңейтіп, 50 адамға дейін жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Осы заманның озық технологиясымен жарақталған өндіріс орны нарыққа сапалы өнім шығарады. Өндіріс көлемі де ауқымды, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру жылына 8,6 мың тоннаны құраған.

Өндірісте бұйымдарды дайындауға арналған «Белкол 500», «Белкол 1000» атты «ВЕГА-Пром» ЖШС-і шығарған өнертабыстарға патенттермен расталған өндіріс станоктары қолданылады. Бұл станоктар Қазақстан өнім өндірушілерінің арасында үлкен сұранысқа ие.

Кәсіпорынның өнімдері Қызылорда облысынан бөлек Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарына жеткізіледі.Сонымен қатар, облыс төңірегінде тұрақты тапсырыс берушілер қатарында «НК Құрылыс», «Дәнекер», «СМП-Қызылорда», «Өмірзақ», «Иман», «Сәт-сервис», «Интегрострой», «Абусер», «SCS Инжиниринг», «Нұртехсервис», «Промстройсервис- Е» ЖШС-і және жергілікті базарлар мен құрылыс дүкендері бар.

Жоба бастамашысы өндіріс қуаттылығын 8,6 мың тоннадан 24 мың тоннаға (күніне 70 тоннаға жуық) ұлғайту мақсатында жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруды бастады.

Аталған жоба Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде кеңейту жұмыстарын жүргізуге 2,9 гектар жер телімі берілді. Цех ағымдағы жылдың 10 қарашада іске қосылды.
 

315969245_1314980449263149_8343063773816275648_n.jpg

Тағы да оқыңыз: