Kyzylorda-news.kz.  Салық кодексінің 166-бабына сәйкес, қолма-қол ақшалай есеп айырысулар арқылы өз қызметтерін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер бақылау касса машиналарын қолдануға міндетті. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде қойылатын талап жөнінде Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары А.Жусупов тарқатып айтып берді. 

Бақылау касса машиналарын қолдану, жаңа хаттамаға көшіру және бақылау-касса машиналарының чектерін қазақ тілінде беру тәртібі.

- ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою қажет
-  Әрбір тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының  чегін беру қажет.

Сондай-ақ Бақылау-касса машинасының чектері мынадай ақпаратты қамтуы тиіс.
     -  салық төлеушінің атауын;
     - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
     -  бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
     -  бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
     -  чектің реттік нөмірін;
     -  тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;
     -  фискалдық деректер операторының атауын 
     -  тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
     -  сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
     -  көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
     -  бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;
 

2022  жылы Салық кодексінің 166-бабына  енгізілген өзгерістерге  сәйкес, яғни  сатып алушының талабы бойынша, БКМ түбіртектерінде сатып алушының ЖСН көрсетілуіне байланысты, Комитет «Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша» әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп бақылау касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер берудің бірыңғай Хаттамасын  жаңартып бекітті, яғни 2.0.2 хаттамасы бекітілді.

Онлайн – БКМ қайта бағдарламалауды Қазақстанның кез-келген аймағындағы қалаларда орналасқан  бақылау касса машиналарын жөндеу және техникалық қолдау орталықтарында қызмет алу мүмкіндігі қарастырылған. («Торговые Технологии» ЖШС Мекен-жайы Байсеитова №140, тел 27-23-26, 87762272326, 87000272326 және мобильді қосымша болған жағдайда Қызылорда қаласы бойынша МКБ жүгінуге болады).

Сондай-ақ, мемлекеттік тізілімге енгізілген барлық БКМ модельдерінде техникалық талаптарға сәйкес мемлекеттік тілге ауыстыру функциясы жұмыс жасайды. 

Осыған сәйкес, тіл саясатын іске асыру мақсатында барлық салық төлеушілерге Бақылау-касса машиналарының чектерін  мемлекеттік тіл қазақ тілінде  басып шығаруға кеңес береміз.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: