Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастырумен аймақтағы кәсіпкерлер арасында ашық конкурс өткізеді.

Конкурстың мақсаты - Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер kezekte.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады. 

Айта кетейік, құжаттарды ұсыну ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы №1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

Өтінімдер 2023 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында қабылданды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттама өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында жарияланған. Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08, электрондық пошта upp@korda.gov.kz.

Тағы да оқыңыз: