Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында кәсіп ашып, оны дамытып жатқан кәсіпкерлердің саны артып келеді.

Сол кәсіпкерлердің қатарында ұлттық нақышта отандық өнім өндіретін апалы-сіңілілі Жанар мен Шынар Прекеевалар да бар. Олар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы 5 млн. теңге несие алған болатын.

Қазіргі таңда тігін цехында замануи, сапалы, арнайы құрақ көрпелер, ұлттық өрнекпен безендірілген жастықтар, түрлі бесік жиынтықтары, дастархандар, тұсау-кесер жиынтықтары және басқа да ұлттық нақыштағы өнімдер шығады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту басым бағыттардың бірі. Өйткені бұл саланың әлеуметтік маңызы зор, халықты жұмыспен қамтуға үлес қосады. Цехқа 7 адамды жұмысқа алдық. «Даму» Қоры біздің идеяларымызды жүзеге асыруға және кеңейтуге әрдайым қолдау көрсетіп жүр», – деді апалы-сіңлілі Прекеевалар.

Айт кетейік, кәсіпкер тұтынушылардың сұранысына ие болған өнімнің көлемін арттыру және цехты кеңейту мақсатында 2021 жылдың желтоқсан айында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 6 пайыз жеңіл несиемен 14 млн. теңге алған.

Тағы да оқыңыз: