Kyzylorda-news.kz.  Құрылысқа қажетті заманауи құрал-жабдықтар мен өнімдер өзімізде де шығарылуда. Ең қызығы, бала күтіміне байланысты декреттік демалысқа шығып, қосымша табыс ретінде кәсіп бастаған  Гүлзат Әбілованың ісі көпке үлгі.

Біз цехта брусчатка, еуроқоршау шығарумен айналысамыз. Маусымдық жұмыс кезінде 20 адамға дейін көмекші аламыз. Бұл отбасылық кәсіп еді. Алайда осыдан 4 жыл бұрын жолдасым өмірден өтті. Сонда да қаймықпай балалардың жарқын болашағы үшін еңбек етіп келемін. Алда жұмыс жоспарым көп. Бастысы – қиындыққа мойымай, кәсібімді өркендетіп, адамдарды жұмыспен қамтысам, – дейді ол.

Гүлзат Әбілова өткен жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін қайтарымсыз грантты жеңіп алған. Бұл қаржыға қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, арнайы қалыпқа салып әзірленетін еуроқоршаудың 600-800 метрін тапсырыс берушіге өткізген. Жұмыс ауқымы кеңейген соң  «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымына «Құрылысқа қажетті темір торлар шығару үшін қажетті құрал-жабдықтар салып алу» жобасын ұсынып, төмен пайызбен 13 млн теңге қаражатқа ие болды. Қазір қытайлық компаниялармен келісім-шарт арқылы құрал-жабдықтарды алдыртуда. Наурыз айынан бастап жұмысқа кіріскелі отыр.

Гүлзаттың ерге тән қабілеті сүйсіндірмей қоймайды.

 

Тағы да оқыңыз: