Kyzylorda-news.kz Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен 19 қазан – Құтқарушы күніне орай салтанатты жиын өтті.

Президент төтенше жағдай саласы қызметшілерінің еңбегін ерекше бағалап, қауіп-қатерден тайсалмайтын, сын сағатта жедел шешім қабылдай алатын, арнайы даярлықтан өткен нағыз кәсіби мамандар деп есептейтінін айтты.  

ТЖМ марапат 2.jpg

Салтанатты жиында кәсіби міндетін адал атқарып жүрген сырбойылық азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласының төтенше жағдайлар басқармасына қарасты № 6 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрсұлтан Жалғасов «Ерлігі үшін» медалімен, Қызылорда облысындағы «Оңталап» шаруа қожалығының директоры Әбдіхамит Аралбаев «Ауыл құтқарушысы» жобасы аясында өрт сөндіру бекетін салуға демеушілік көрсеткені үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

ТЖМ марапат.jpg

Тағы да оқыңыз: