Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Сыр суы» филиалының суды магистральдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру қызметтері бойынша бекітуге берілген тарифтерінің жобасын талқылау жиыны 2026 жылғы 12 мамыр сағат 16-00-де Қызылорда қаласы, Әли Мүслимұлы көшесі 10, Кәсіпкерлер палатасының конференция залы мекенжайында өтетінін хабарлайды.

Жария тыңдауға депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар мен тұтынушылар шақырылады.

Сонымен қатар, барлық аудандардың тұрғындары мен өзге де мүдделі тұлғалар онлайн режимінде де Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасында жария тыңдауға қатыса (https://www.facebook.com/share/1FeaGKChEW/?mibextid=wwXlfr&wa_status_inline=true) алады.

Әрбір тілек білдіруші онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.  Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7242) 26-23-67, 27-79-74.

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: