Kyzylorda-news.kz Бүгін шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов бастаған жұмысшы топ «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнына қарасты кәріз насос станцияларының жай-күйіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуде және халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуде маңызды салалардың бірі саналатын кәріз жүйесі тоқтаусыз жұмыс жасау қажет. Бұл бағытта жұмысшы топ қала ішіндегі №6 «Южный», №101 орта мектеп жанындағы кәріз насос станциясы, Саяхат тұрғын ауданындағы шағын КНС, натрий гипохлоридін өндіру қондырғысы нысандарын аралады. Кәріз жүйелерін тексеру барысында олардың қазіргі уақытқа бейімдеу, жүйені жаңғырту жұмыстарын аралап көрді, сонымен қатар атқарылуы тиіс жұмыстар пысықталып, тиісті тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, Тасбөгет кентінің тұрғындарының шағымына байланысты осындағы модульді биологиялық тазарту станциясында ассенизаторлық автокөліктерден қабылданатын сарқынды сулар жолы тоқтатылды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Саяхат тұрғын ауданында аталған қызмет түріне есептелген шағын кәріз насос станциясының құрылысы жүргізілуде.

