maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов төрағалық етті.

Отырыста жасөспірімдер тәрбиесі, құқық бұзушылықтың алдын алу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен және жұмыспен қамту мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мекеме басшылары баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерді жеткізді.

Жиын қорытындысымен Ғани Сүлейменов жауапты мекеме басшыларына құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың мәселелерін назарда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Тағы да оқыңыз: