Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы, облыстық жастар ресурстық орталығының жұмысы, кәмелетке толмағандармен жасалған және оларға қарсы жасалған қылмыстар туралы, суицид профилактикасы, «тәуекел тобындағы» балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсетудің бірлескен жұмыстары қаралды.

Отырыста облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Бердаулетов жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемаларына тоқталды. Бұған қоса, суицид профилактикасы, «тәуекел тобындағы» балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсетудің бірлескен жұмыстары туралы да тілге тиек етті. Бұл мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С. Пазилов та баяндама жасады.

Сондай-ақ облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы М.Қазбекова жастар ресурстық орталығының атқарылған жұмыстары мен алға қойған міндеттерін айтты. Сонымен қатар, ОПД, Жергілікті полиция қызметі басқарамасының бастығы, полиция полковнигі Б. Ибраев 10 айда кәмелетке толмағандармен жасалған және оларға қарсы жасалған қылмыстар туралы баяндады.

Комиссия отырысында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағаларының суицид, қылмыс, зорлық-зомбылық бойынша атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды. Комиссия жұмыстарын үйлестіруді күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.
 

13645305_1148067655245531_4092116390954143045_n.jpg

Тағы да оқыңыз: