Kyzylorda-news.kz.Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері,құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес «Қамқоршылық, қорғаншылық мәселесі бойынша атқарылған жұмыстары туралы» Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының маманы Н.Сарымсақовтың, «Жасөспірімдер арасында нашақорлық, алкоголизм, шылым шегу, уытқұмарлықтың алдын алу шаралары туралы» Қармақшы аудандық емханасының бас дәрігерінің орынбасары П.Сарыбаева және аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықованың баяндамалары тыңдалды. 

Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Мәжіліс соңында аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев комиссия мүшелерінің қозғалған мәселелер жайлы ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алда атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
 

16.jpg

17.jpg

Тағы да оқыңыз: