Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандарға қатысты және олардың арасында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжіліске құқық қорғау органдарының, білім беру және жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйі, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сондай-ақ жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға тартылуының алдын алу, қолайсыз отбасылармен профилактикалық жұмысты күшейту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жетілдіру қажеттігі атап өтілді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға анықталған проблемаларды жою және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Аудан прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ олардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды ерекше бақылауда ұстайды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар 2.jpg

Тағы да оқыңыз: