Kyzylorda-news.kz Арал ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынға тиісті мекемелердің басшылары мен жауапты сала өкілдері қатысып, балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасы жағдайына байланысты туындайтын мәселелерді шешу бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Комиссия отырысына балалардың жазғы демалысы кезінде лагерь ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы, қауіпсіздік талаптарының сақталу барысы жөнінде Арал ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы Ғ.Сейтова мен Арал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Сатекеева баяндады.

Мұнан соң суға шомылу маусымына дайындық және қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытында жүргізілген жұмыстар туралы «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының директоры Р.Қалиев пен Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А.Сыдықов, Арал ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы Ғ.Сейтова және Қамыстыбас, Қосжар, Аманөткел, Қаратерең ауылдық округ әкімдері хабарлады. 

Күн тәртібіне сәйкес жауапты органдарға балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастырып, суға шомылу маусындағы қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда ұстау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Аталған ауыл әкімдеріне өз аумақтарында орналасқан су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берілді. 

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігіне бақылау жасау, демалыс орындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі назарға алынды. 

Жаз мезгілінде Қамбаш көліндегі «Аққұмшық» жағажайының басында рейд шараларын жиі ұйымдастырып, алкагольді өнім саудалау және тұтыну жағдайларына шектеу қою, балалардың суға шомылуы кезінде қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуына бақылау жасау бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктелді.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болып, жүйелі түрде жалғасатын болады.

Тағы да оқыңыз: