Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы атынан Ақай ауылының әкімдігіне үміткер Эльмира Қазиева ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде Элмира Қазиева тұрғындарға өзінің сайлауалды бағдарламасын жан-жақты таныстырды.
«Ақай ауылдық округі әкімінің лауазымына өткен жағдайда, осы кезеңге дейінгі алған білімімді және өмірден жинақтаған іс-тәжірибемді округ тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін және шаруашылық құрылымдарының экономикалық нығаюына жұмсаймын. Халықтың бұқаралық спортпен айналысуына, ауылдағы мәдениеттің дамуына, жастардың бос уақытын тиімді пайдаланытын іс-шаралардың жүргізілуіне, партиялық жобалардың жүзеге асуына және жұмыссыз жастардың өмірден өз жолын табуына ықпал етемін», – деген үміткерді ауыл тұрғындары қолдап өздерінің пікірлерін білдірді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерінің талап-тілектері мен ұсыныстарын айтып, үміткерге алдағы науқанда сәттілік тіледі.